Шымкентте 38 жастағы ер адам достарымен бәстесудің соңы ауруханаға түсуімен аяқталды. Ол әзіл-оспақ ретінде 26 қаламды жұтып қойған, деп хабарлайды Alash.kz.
"Отырар" телеарнасының мәліметінше, дәрігерлер науқастың ішін кеспей-ақ, қаламдарды эндоскопия әдісі арқылы алып шыққан.
Қалалық №1 клиникалық аурухананың хабарлауынша, тексеру кезінде ер адамның асқазанында бөгде заттар анықталған. Зерттеу нәтижесінде олардың қалам екені белгілі болған.
Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан дәрігерлер ересектерге де, жастарға да денсаулыққа зиян тигізетін қауіпті тәуекелдерден аулақ болуды ескертеді.