Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 7 баланың анасының өліміне кінәлі деген күйеуі 1,5 жылға ғана сотталды

13:59, 26 маусым 2025 81
 
Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болған Шолпан Ақмырзаның өліміне қатысты істің нүктесі қойылды. Қылмыстық іс "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қозғалып, сот үкімімен әйелдің күйеуі 1,6 жылға ғана бас бостандығынан айрылды, деп жазады Alash.KZ.

Қайғылы жағдай биыл 5 ақпанда қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 42 жастағы келіншек үшінші қабаттағы пәтерден құлап, тіл тартпай кеткен. Анасының өліміне 2 және 4 жастағы балалары куә болған. Олар келіншекті терезеден 20 жыл отасқан күйеуі лақтырғанын айтқан екен. Алайда балалар кәмелет жасына толмағандықтан, сотта олардың сөзі куәлікке алынған жоқ. 

Сот залы

Фото: Stan.kz

"Дау әйелдің несие алғанынан шыққан екен. Оны ер адам байқаусызда телефонынан көріп қойып, жанжалдасқан. 7 баласының анасын балағаттап, кейін қол көтергенін мойындады. Бірақ әйел үшінші қабаттан құлағанда басқа бөлмеде болғанын айтты. Сотталушының жәбірленушіні терезеден лақтырғанына ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан да іс "өзін-өзі өлітурге дейін жеткізу" бабымен қаралды. Сотталушы 1 жыл 6 ай мерзімді жазасы барынша төмен мекемеде өткізеді", – деді судья.

Алайда марқұмның қыздары үкіммен келіспейді. Олар аналарының 20 жыл бойы қорлық көріп келгенін айтады. Сөздерінше, жантүршігерлік жағдайға куә болған кішкентайлар анасын әкесі гантельмен ұрып, кейін терезеден лақтырып жібергенін айтқан.

Марқұмның қызы сұхбат берді

Фото: Stan.kz 

"Анасызды өлтірген адамға жазаның мұнша жеңіл болғаны жанымызға батып тұр. Әкеміз жасаған осы әрекеті үшін бізден тек соңғы сөзінде кешірім сұрады. Біз оны кешірмейміз. Анамыз өмірде бір жақсылық көрмей кетті. Бізді асыраймын деп күннің ыстығы, даланың суығына қарамай базарда тұрып нәпақа тапты. Қала берді әкеміздің адам төзбес әрекетіне шыдап келді. Анам өлгісі келсе, оқиғадан үш күн бұрын ғана несиені төлемейтін еді ғой? Қазір анамыздың несиесі бізге, ал сатып алған жері әкеміздің атына өтті", – дейді жәбірленуші мен сотталушының қыздары.

Марқұм Шолпан Ақмырзаның артында 7 баласы қалды. Оның ең үлкені – 22 жаста, ал кішісі – 2 жаста. Марқұм мен сотталушы 16 жыл заңды некеде тұрған. Тек 2020 жылы ресми түрде ажырасқан. Көп ұзамай қайта қосылған, бірақ некені тіркетпеген. Сол аралықта тағы екі бала дүниеге келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар