Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Швейцариялық банкте Назарбаевтар әулетінің шотынан 5 млрд 150 млн доллар табылды

21:02, 20 ақпан 2022 285

Швейцариялық Credit Suisse банкінің деректері таралуы кезінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің осы банктегі қаражаты туралы белгілі болды.

Бұл туралы OCCRP хабарлайды.

Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың Credit Suisse-те 2008-2012 жылдар аралығында есепшоттары болған. Осы уақыт ішінде олардың есепшоттарына шамамен 5 миллиард доллар болды.

Қазақстанның экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның 2008-2012 жылдар аралығында жалпы сомасы 150 миллион доллар болатын алты шоты болған.

Жалпы алғанда, Credit Suisse банкінің Назарбаев әулеті 5 миллиард 150 миллион доллар сомасы бар болған.

Қазақстанның қазіргі президентінің отбасы әлдеқайда аз – Тимур Тоқаев пен оның анасы Надежданың Credit Suisse банкінде 1998-2011 жылдар аралығында 5 миллион доллары бар шоттары болған. Президенттің қарындасы Қарлыға Избастиннің есепшоттарында 7 миллион доллар болған.

  • «Credit Suisse құпиялары» – швейцариялық ең ірі Credit Suisse банкінің есепшоттары туралы мәліметтің сыртқа шығып кетуіне байланысты құрылған трансшекаралық журналистік зерттеу жобасы.

Бұл деректерді аноним дереккөз немістің Süddeutsche Zeitung газетіне жеткізген, олар мұны OCCRP және басқа елдердегі 46 серіктес медиаға таратты. Бес құрлықтағы журналистер банк файлдарын зерттеп, инсайдерлермен, тергеу органы қызметкерлерімен сөйлесіп, алынған қорытынды нәтижелерді сот жазбасы мен қаржылық есептер арқылы тексеріп шықты. Сыртқа шығып кеткен ақпаратта 1940 жылдан бастап, 2010 жылдардың орта тұсына дейін ашылған 18 мың есепшот туралы деректер бар. Бұл есепшоттардағы жалпы қаржы көлемі жүз миллиард доллардан астам.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар