Атырауда тапа-тал түсте көшеден қыз ұрлағандардың сұмдық видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.
Қыз қарсылық көрсеткеніне қарамастан, жігіт күш қолдануды жалғастырған.
Бұл әрекетті куәгер алыстан видеоға түсіріп алған. Қызды алып кетудің алдын алу мүмкін болмады.
Алайда бұл әрекеттің «дәстүрге» байланысты ма, әлде еркінен тыс зорлық-зомбылық па екені белгісіз.
Полицияның мәліметінше:
• Жігіттің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Көлік айып тұрағына қойылды. 22 жастағы қыз арыз жазудан бас тартты.
Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабы бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік қамауға алынды. Іс материалы сотқа жолданды.