Бүгін Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Жергілікті билік орын алған оқиға туралы ақпаратты ресми түрде растағанша, әлеуметтік желі қолданушылары мен куәгерлер зілзаланың салдарын интернетке жүктей бастады.
Бейнежазбалардың бірінде жер сілкінісі тікелей эфир кезінде түсірілген — сол сәтте тележүргізуші студияға қосылған спикерлермен әңгімелесіп отырған.
Стресске қарамастан, жүргізуші эфирін жалғастырып, Стамбулда күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін хабарлайды.
Кадр сыртынан еденге құлаған заттардың дыбысы естіледі, ал студиядағы камералар қатты шайқалып тұрғаны байқалады.