Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шіріген труба, ескірген қазандық, «кеңестен қалған» насос. 160 млрд теңге қайда кетті? - депутат

06:39, 13 желтоқсан 2023 263


Депутаты Ерлан Саиров депутаттық сауалында бірінші аяз түсумен еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отырғанын айтты.




Мәжілісмен өз сөзінде республика бойынша тозығы жеткен жылу орталықтары мен инфрақұрылым 80 проценттен асып кеткенін мәлімдеді. Ал, олардың көбі 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылуда. Бұл қауіпті жағдай.
“Былтырғы, Екібастұз, Риддер, Балқаш, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Петропавл қалаларындағы апаттар қордаланған мәселелердің айқын көрінісі. Соған қарамастан, біз жылына бұл салада тек 5-7 процентке ғана жаңарып отырмыз. Бұл тіпті, елдегі ескіру үрдісінің орнын толтырмайды.Олай жалғаса берсе, жылу энергетикасындағы коллапс орнауы бек мүмкін.

Шіріген труба, ескірген қазандық, «кеңестік заманнан қалған» насостарды ауыстыратын уақыт өтіп кеткенін бәріміз білеміз.

Екіншіден, былтыр ғана жылу саласындағы инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында арнайы 160 миллиард қаржы бөлінсе де, сықырлаған аязға төтеп бере алар емеспіз.

Үшіншіден, жыл басында Парламентте Жоғарғы аудиторлық палатасының «Жылумен жабдықтау саласы» бойынша қорытынды есебінде 100-ден аса нақты ұсыныстар мен жүйелі сындар айтылды. Ұсыныс ретінде берілді. Бірақ, сол ұсыныстар бойынша не жауап, не атқарылған істі біз көрмедік.
Осылай тізіп кете беруге болады. Сондықтан бұл саладағы менеджмент пен бақылауды күшейтуіміз керек. Мысалы, өткен жылы AMANAT партиясы өкілдері Екібастұз халқына мыңдаған үй жылытқыш пен жылы көрпе тасып, халықты жылытқанын білесіздер. Биыл осындай жағдайды қайталатуға Үкіметтің еш хақысы жоқ”, – деді Е.Саиров.

Мәжіліс депутаты жауапты министрлер жылы кабинеттерінен шығып, барлық жиналыстарын қысқартып, аязды күндері жылу орталықтарының бас-қасында жүруі керек екенін айтты.
“2022-2023 жылдары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бөлінген қаражаттардың есебіне қатаң анализ жасалуы тиіс. Бұл саладағы әрбір жемқор қатаң жазалануы тиіс!

Осы күндері өңірлердегі оперативті штабтардың жұмысын «екі еселенген 24/7 режиміне» көшіру қажет.

Әкімдіктер мен Үкімет осы саладағы өңірлік қауіпті зоналар бойынша «Рисктер картасын» даярлап, олар бойынша нақты мақсаттық алгоритм жоспарын даярлап қоюы тиіс!” – деді депутат «AMANAT» фракциясы мүшелері атынан.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бір-екі жыл ішінде барлық мәселелерді шешу мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар