Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкент қаңғыбас ит пен мысықтарды асырауға 769 млн теңге жұмсаған

10:51, 05 сәуір 2024 426

Шымкенттің мыңнан астам қаңғыбас жануарлар жақын арада мысықтар мен иттерге арналған жаңа тәлімбаққа орналастырылады. Жаңа ғимарат заманауи жабдықтарды орнатқаннан кейін пайдалануға беріледі. Онда жануарларды тексеріп қана қоймай, күрделі ауруларын емдеуге болады екен. Жақында Шымкентте жануарларды зарарсыздандыру және чиптеу басталыпты. 

Бір бөлім иттерге арналған, дәл осы жерде үйсіздер ұсталады. Қоршауда екі бөлме бар, біреуі жазғы, екіншісі қысқы маусымға арналған. Тіпті қалдықтарды жинау мен төгу үшін арнайы жүйе орнатылған. Мысықтарға арналған қоршауларда үш жүзден астам жануарды орналастыруға болады. Онда жылыту жүйесі автоматты, ғимаратта бейнебақылау камерасы да орнатылған. Жаңа тәлімбақты салу үшін жергілікті бюджеттен 769 млн. теңге жұмсалған.

Абзал Метеров, Шымкент қаласы құрылыс басқармасының бөлім бастығы: «Мұнда бізде операция бөлмесі бар, біз заманауи жабдықтар әкелінді, енді қосамыз. Анестезияға, ЭКГ жүргізуге және күрделі ауруларды анықтауға болады. Операциялық блок барлық соңғы технологиялар бойынша жабдықталады, сондай-ақ ауруларды ерте сатысында анықтай алатын арнайы аппарат болады, дейді. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында қаңғыбас жануарлармен күрес мәселесі бірнеше жылдан бері өзектілігін жоғалтпай отыр. Тұрғындар өздерінің қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Бүгінгі таңда Шымкент көшелерінде 300-ден астам қаңғыбас жануар бар. Ал оларды чиптеу және кастрациялау мәселесі әлі шешілмеген. Жауаптылар байқау нәтижелерін күтіп отырғанын, мердігер анықталса, қажетті жұмыстар басталатынын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар