Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шетелдік агент" туралы заң қабылдауды ұсынған депутаттың өзі шетелдік қормен жұмыс істеген

09:54, 13 ақпан 2025 345

"Шетелдік агент" туралы заң қабылдауды ұсынған депутат Смирнова "Сорос қорымен" жұмыс істеген болып шықты, деп жазады Alash.KZ. 

Ресейдің ізімен "шетелдік агент" туралы заң қабылдау қажет" деп мәселе көтерген депутат Смирнова ұятқа қалды.

Айта кетелік, бұған дейін мәжілісмен ел аумағында жұмыс істейтін түрлі шетелдік қорларға шүйліккен. Айтуынша, сырттан қаржыланатын ұйымдар "толеранттылық пен сөз бостандығын желеу етіп, шын мәнінде бөгде елдің саяси ықпалын тереңдетуге атсалысады".

Алайда мәселе мынада: осыдан тура төрт жыл бұрын депутат Смирнова "Сорос-Қазақстан" қорын ашық мақтап:

 "Осы ұйыммен он жылдан астам уақыт бойы ынтымақтасып келдім" деп ағынан жарылған деп жазды Әшкере арнасы. 

"Сорос-Қазақстанмен" таныстығымның қаншалықты ұзаққа созылғанын ой елегінен өткіздім. Сөйтсем, бұл қордың өкілдерімен он жылдан астам уақыт бойы әріптес болып келіппін. Ол кезде мен Алматыда мектеп басқардым, сондай-ақ "Ар-Намыс" атты мұғалімдер бірлестігінің филиалына жетекшілік еттік. Шамасы, 2008–2010 жылдар болуы керек. Дәл сол уақытта маған "Сорос-Қазақстан" қорының моральдық қолдауы көп көмек болды...", - дейді депутат. 

Смирнова мұнымен шектелмей өзінің "толысқан азамат болып қалыптасуына Сорос қорының септігі тигенін" мойындайды.

Бұл туралы мәліметті әріптесіміз Зарина Ахматова жария етті. Депутат қор тарапынан тек моральдық демеу көрді ме, әлде қомақты қаржылай қолдау алды ма?

Әлемжелідегі қауым: "Мынадан кейін Смирнованың өзі "шетел агенті" статусына ілігеді" деген пікір білдіруде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Ақордада ауыс-түйіс

09:18, 13 ақпан 2025 371