Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетел валютасын беру мәселелері: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

03:33, 12 наурыз 2022 309

Қолма-қол шетел валютасын берудегі  қиындықтар халық сұранысының артуына және логистикалық жағжайларға байланысты.

Қазақстан Ұлттық банкі шетел валютасын алудағы қиындықтарға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

 «Айырбастау пункттерінде және екінші деңгейлі банктерде қолма-қол долларды сатуға немесе шығаруға шектеу қоюға қатысты сұраныстардың көбеюіне байланысты Ұлттық Банктің шетел валютасымен операцияларды жүргізуге шектеу қою туралы қаулылар немесе өзге де заңға тәуелді актілер қабылданбағанын хабарлаймыз»  делінген хатта.

Шиеленісті геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізуде қиындықтар туды.

Ұлттық банк АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастыруда. Қолма-қол айырбасқа арналған  долларды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін  олар көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдерге ие.

Бұған дейін хабарланғандай, елдегі аты-жөнін атамауды сұраған бірқатар банктер Қазақстанға валюта жеткізудегі қиындықтар  Ресейге қарсы санкциялар мен Украинадағы қақтығысқа байланысты екенін растады.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар