Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шекарадан Қытайға ақбөкен мүйіздерін алып өтпек болғандар ұсталды

10:31, 15 наурыз 2024 438

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қосалқы дөңгелекке жасыру арқылы 205 дана ақбөкен мүйізін заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды alash.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

 

13 наурызда Қытаймен шекаралас кедендік бақылау кезінде Жетісу облысы бойынша «Қорғас ХШЫО» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, «Toyota» автокөлігін басқарған Қазақстан Республикасының азаматы «С» кедендік бақылаудан қосалқы дөңгелекте жасырылған «киік мүйіздері» анықталды. Заң бұзушылық жүргізушімен әңгімелесу әрі көлік құралын тексеру барысында белгілі болған. 

Бұл көлік Қазақстан Республикасынан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына бағыт алған жерінен ұсталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. 

«Мұндай әрекет үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1-бабында «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту» қарастырылған» - делінген хабарламада.

Айта кетейiк, «Қорғас ХШЫО» 2023 жылдың 24 сәуiрiнен бастап жұмыс iстейдi. Ашылған күннен бастап кеден органдары жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде кеден заңнамасын бұзудың 797 фактісі анықталып, 134 әкімшілік іс қаралып, 40,5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Құқық бұзушылықтардың ішінде:

  •  ​тауарларды жалған декларациялау 181 фактісі (тері бұйымдары, ұялы телефондар, телефон аксессуарлары);
  •  жеке пайдалануға арналған тауарларды декларацияламаудың 188 фактісі;
  •  жалпы сомасы 2,8 млн АҚШ долларын құрайтын декларацияланбаған құражатты тасымалдау әрекетінің 172 фактісі.
  •  халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау тәртібін бұзудың 256 фактісі бар.

Сондай-ақ, сот шешімімен тәркілеу туралы мемлекет кірісіне мыналар тәркіленді:

  • Volkswagen, Toyota Ipsum көлік құралдары;
  • 912 блок әр түрлі маркалы темекі өнімдері.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар