Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шегіне алмаймыз!» - Зеленский Донбасс жері туралы әлем күтпеген ашық мәлімдеме жасады

11:20, 31 желтоқсан 2025

Украина Президенті Владимир Зеленский Донбасс аймағының болашағы мен елдің аумақтық тұтастығына қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы жер мәселесін шешуде заңдық талаптар мен халықтың пікірі басты назарда болатынын атап өтті.

Зеленскийдің пайымдауынша, Украинаның егемендігіне қатысты кез келген маңызды қадам тек ресми билік тармақтарының шешімімен ғана жүзеге аспауы тиіс. Ол елдің заңнамалық негіздері мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде: «Жер мәселесіне келсек, бұл жалғыз референдуммен, парламентпен немесе президентпен шеше салатын мәселе емес. Біз жай ғана шегіне салмаймыз! Бұл біздің заңымызға қайшы. Тіпті, заңнан басқа ол жақта адамдар тұрып жатыр ғой. Біздің 300 мыңдай адамымыз бар, ол жақта. Біз ол адамдарды тағдырдың тезіне салып кете алмаймыз», — деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, Президент аймақтағы мәселелерді реттеуде экономикалық аймақтарға тән арнайы ережелерді қолдану мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Ол стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде халықтың ерік-жігері шешуші рөл атқаратынын еске салды.

 «Ал референдум не үшін керек десеңіз, халық ол жердің тағдырын өзі шешуге құқылы!», — деп қорытындылады Владимир Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар