Қазақстанның Халық әртісі, эстрада жұлдызы Әлішер Кәрімов қазақ тілі туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Әнші желідегі парақшасында мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырып, үндеу жасады:
Жасырмай, шынымды айтсам… Эфирлерге барар алдында, қорқыныш емес, қобалжу бар! Қазақша 100% сөйлей аламын ба? Бірақ, бүгін жарадың, Әлішер! 99,9% қазақша сөйлеп шықтым. Өсіп келе жатырмыз. Қазақша сөйлеңіздер! Шаңыраққа қарап, сөйлеңіздер!