Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жерден тас ала салып, полиция көлігіне бірнеше рет лақтырған". Құқық бұзған алматылық әйел ұсталды

09:25, 20 маусым 2026

Алматыда полицияның қызметтік автокөлігіне тас лақтырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода әйелдің тұрақта тұрған полиция көлігіне бірнеше рет тас лақтырғаны көрінеді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары оны ұстауға әрекет жасаған кезде әйел қашып кетпек болғанымен, көп ұзамай қолға түскен.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталған.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады ведомство.

Полиция өкілдерінің айтуынша, әйелдің мұндай әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оның психоэмоциялық жағдайын бағалау үшін оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар