Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Орысша жауап бер!»: Алматыда сатушыға агрессия танытқан әйелге әкімшілік шара қолданылды

11:12, 20 маусым 2026

Алматы қаласындағы супермаркеттердің бірінде касса қызметкеріне агрессия танытып, мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде жауап беруді талап етіп шу шығарған әйелдің жеке басы анықталып, әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұған дейін танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде заңға қайшы әрекеттер жасаған әйел адамның бейнежазбасы кеңінен тараған болатын. Видеода оның дүкен қызметкеріне қатысты өрескел мінез көрсетіп, агрессивті әрі әдепсіз әрекеттерге барғаны нақты көрінген. Алматы қаласында орын алған бұл оқиғаға және туындаған қоғамдық жанжалға тікелей себепші болған азаматша ұсталып, оның жеке басына қатысты барлық деректер толықтай айқындалды.

Осы құқық бұзушылық фактісі бойынша жауапты органдар тарапынан арнайы әкімшілік іс жүргізу материалдары заң аясында жинақталып, сотқа жолданды. Соттың шығарған ресми шешіміне сәйкес, қоғамдық орында әдепсіздік танытқан тұрғынға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, бұл шамамен 86 500 теңгені құрайды. Тәртіп сақшылары барша азаматтарды қоғамдық тәртіп ережелерін, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, мұндай арандатушылық әрекеттерге заң жүзінде қатаң шара қолданылатынын тағы бір мәрте ескертті.

Құзырлы орган өкілдері аталған жағдайға байланысты өздерінің ресми хабарламасында келесідей мәлімдеме жасады:

«Сонымен қатар азаматтардан құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуды сұраймыз. Өйткені мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жауапкершілік көзделген. Азаматтардың өзаpа сыйластығы мен ынтымағы, сондай-ақ Заң мен Тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз сақтау – қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі.»

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар