Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль мен «Хезболла» атысты тоқтату туралы келісімге келді

10:00, 20 маусым 2026

Израиль мен «Хезболла» атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Reuters және Sky News агенттіктері АҚШ-тағы дереккөздеріне сілтеме жасап. Бұл жайлы Alash.kz жазды.

Мәліметке сәйкес, бітім жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де (Астана уақытымен 18:00-де) күшіне енуі тиіс болған.

АҚШ өкілінің айтуынша, келісім АҚШ пен Катардың делдалдығымен әзірленген. Сонымен қатар келіссөздер процесіне Иран да ықпал еткен.

Алайда келісімге қарамастан, жұмаға қараған түні Израиль Ливанның оңтүстігіне әуе соққыларын жасады. Израиль тарапы операция барысында «Хезболланың» ондаған содырының көзі жойылғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде Ливан билігі шабуыл салдарынан қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалардың да болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта тараптардың атысты тоқтату режимін толық сақтайтыны және келісімнің қаншалықты ұзаққа созылатыны белгісіз болып отыр. Бітімнің орындалуын халықаралық делдалдар мен бақылаушылар қадағалайды деп күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар