Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қойылды

11:00, 20 маусым 2026

Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қойылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ел үкіметі қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, 15 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерде жеке аккаунт аша алмайды және платформалардың толық функцияларын пайдалану құқығынан айырылады.

Ал 15 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тек арнайы бақылау және қауіпсіздік талаптары аясында қол жеткізуге рұқсат беріледі. Олардың аккаунттары мен белсенділігі тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында болады.

Сондай-ақ билік әлеуметтік желі платформаларын пайдаланушылардың жасын анықтайтын сенімді тексеру жүйелерін енгізуге міндеттеді. Қаулыда ата-ананың келісімі бұл шектеуді алып тастауға негіз бола алмайтыны нақты көрсетілген.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерге балалардың жеке деректерін олардың интернеттегі әрекеттерін бақылау арқылы коммерциялық мақсатта өңдеуге тыйым салынды.

БАӘ билігінің мәлімдеуінше, бұл шаралар балалардың цифрлық қауіпсіздігін күшейтуге, олардың жеке деректерін қорғауға және интернет кеңістігіндегі ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар