Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Асығыстық жасаған шығармын". Әнші Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғали маңызды мәлімдеме жасады

09:29, 20 маусым 2026

Әнші Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғали отбасылық өміріне қатысты ой бөлісіп, жастық шақта кейбір шешімдерді асығыс қабылдаған болуы мүмкін екенін айтты, деп жазды Alash.kz.

Ол бүгінде үш баланың анасы ретінде өткенге басқаша көзқараспен қарайтынын жеткізген.

«Айқынның бірінші әйелі Әселмен арамыз жақсы. Жақын араласпасақ та, ешқандай араздық жоқ. Балалар бір-бірімен жақын араласады. Басында Айқынның отбасы бар екенін білмедім. Жастық, сезім, махаббат қой. Қазір үш баланың анасы ретінде ойланамын, бәлкім, асығыстық жасаған шығармын деп. Қалыптасқан тұлға ретінде қарасам, кей нәрсеге жеңіл қарадым ба деп те ойлаймын. Уақыт өте келе қазір түсініп жатырмын», – деді Жұлдыз Өмірғали.

Әнші өз сөзінде қазіргі таңда өткен оқиғаларға сабырмен қарап, өмірлік тәжірибе мен ана болу жауапкершілігі көптеген нәрсеге жаңаша көзқарас қалыптастырғанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар