Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қосалқы кілт қайдан пайда болды?»: Атыраудағы трагедияға қатысты сот тергеуінде ел естімеген оқиға баян етілді (ВИДЕО)

15:46, 19 маусым 2026

Атырау облысы, Жангелдин елді-мекенінде болған қанды оқиғаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаза болған Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова ағасы мен жеңгесінің мүрдесі табылған үйдің қосалқы кілтінің табалдырықтан кенет пайда болғанын айтып, дабыл қаққан еді.

Сот тергеуі барысында күдікті күйеу баладан үйдің кілттері туралы сұрағанда былай жауап берді:

«Нақты неше кілт тыққанымды білмеймін. 1-2 кілтті тастың астына, біреуін қазандық қондырғысына (кательная), үшінші кілттің болып-болмағаны есімде жоқ. Ол кезде такси келіп тұрды».

Жәбірленуші өз мәлімдемесінде қосалқы кілттің барлық қылмыс ашылып, тінту жұмыстары аяқталғаннан соң табылғанын айтып, іске тағы біреудің қатысы барына күдікпен қарады.

Үйді ашуға рұқсат берген кезде сіңілім екі-үш күн барып, үйді ашып-жауып жүрді. Үшінші күні табалдырықтың алдына біреу үшінші кілтті тастап кеткен.  Табалдырықтың алдынан тапқан. «Мынау қандай кілт?» деп, ашып қараса, үйді ашып тұр екен. Оны кімнің әкеп тастағанын білмейміз. 

Тастың астына екінші кілтті тастап кеттім дейді. Тергеушілер бәрін қопарып қарады ғой. Қазып, айналаның бәрін қопарды. Онда сол кілт шыққан жоқ. Есік алдының бәрін тінтіді. Ауланың ішін де қопарып тастады. Ондай кілт шыққан жоқ қой еш жерден. Бәлен ай өткеннен кейін табалдырықтың алдынан қалай пайда болды?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар