«Сендер сүрінген тұстарды іліп алып, шулатасыңдар» - Бекболат Тілеухан ерекше сұхбат берді
12:09, 06 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Белгілі өнер иесі Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанның жобасына қонаққа барып сұхбат берді, интернет кеңістігінде жарияланған эксклюзивті үзіндіде ол өткен кезеңдерде өзіне жасалған түрлі шектеулер мен қудалаулар туралы ашық баяндады, деп жазады Alash.KZ
Сұхбат алушы Аман Тасыған:
«Сізге нақты қандай әдістермен қысым жасалды?» – деген сауалына жауап берген Б. Тілеухан өзінің діни ұстанымдары мен қоғамдық мінберлерде айтқан ой-пікірлері үшін соққыға тап болғанын жасырмады.
«Менің оқыған намазыма шүйлікті, сонымен бірге сөйлеген сөздеріме де… қай тұста көпшілік алдында белсенді болсам, сол жерде маған тосқауыл қоюға тырысты», – деп, бұрынғы уақыттарда кездескен кедергілер мен ауыр сындарды еске алған.
Мұнымен қоса, әнші бағдарлама авторы Аман Тасығанның сұрақ қою мәнеріне де назар аударып, қалжың араластыра отырып ренішін білдіреді:
«Сұхбат алудың өте өткір, айлалы жолын меңгеріп алыпсың… Қазірдің өзінде сен маған психологиялық қысым жасап отырсың. Сұхбатқа шақырып алып, ұзақ сөйлетуге мәжбүрлейсің. Ал адам ұзақ көсіліп сөйлеген кезде міндетті түрде қателеседі, абыройына нұқсан келеді. Одан кейін сендер сол сүрінген тұстарды іліп алып, шулатасыңдар», – деп журналистің кәсіби айла-тәсілдерін сипаттап береді.
Өз кезегінде журналист Аман Тасыған бұл уәжге бірден жауап қатып, бейнежазбаның ешқандай қиюсыз (монтажсыз), қалай таспаланса, көрерменге дәл солай жететініне кепілдік берді.
Ол: «Қалай сөйледіңіз, солай эфирге шығарамын, еш алаңдамауыңызға болады», – деп қонағын тыныштандырады.
Соңғы жаңалықтар
Жантүршігерлік жағдай: Жоғалып кеткен туристің денесі чемоданның ішінен табылды
11:34, 06 тамыз 2026
Тасымалдау қиынға соғады: Дрон шарбуылы күшейіп, Қазақстан мұнайына қауіп төнді
10:22, 06 тамыз 2026
Көкшетауда көлік тізгіндеген әйел жаяу жүргіншілер өткелінде төрт баланы қағып кетті
08:58, 06 тамыз 2026
Президент азаматтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударды
17:30, 05 тамыз 2026