Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семсер жүзіндегі сайыс: Эльмир Әлімжанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

18:37, 28 шілде 2024 823

Ерлер арасындағы жекелей сында жарыс жолына шыққан қазақстандық Эльмир Әлімжанов франциялық Луиджи Миделтонды 15:14 есебімен жеңіп, Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады деп хабарлайды Alash.KZ.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Әлімжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті.

Әлімжановтың қарсыласы франциялық Луиджи Мидльтон болды.

Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды.

Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?