Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семейлік мұғалімнің ісі бойынша қала әкімінің орынбасары күдікке ілінді

10:26, 24 қаңтар 2025 226

Арайбек Хамзаев «ауыр зардаптарға əкеп соққан билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабы бойынша күдікке ілінді, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы Бас прокурордың Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабынан белгілі болды.

«Тергеп-тексеру барысында мұғалімдерді кəсіби міндеттерімен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берген қала əкімінің орынбасары А.Хамзаев күдікті ретінде танылды», - деп хабарлады Берік Асылов.

Бүгінде қалалық полиция Қуат Айтқалиевтің жарақат алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар