Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Саунадағы балалар лагері. Алматыдағы лауазымды тұлғалар ісі сотқа жетті

06:22, 13 желтоқсан 2023 254


Алматы прокуратурасы қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеудің аяқталғанын айтты.



Бөлім басшысының жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерь ұйымдастыруда заңсыздыққа жол бергені анықталған болатын. Атап айтсақ, конкурстың жеңімпазына жақтасу ниетімен 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.




 

Сондай-ақ прокуратураның нұсқауы бойынша Алматы әкімдігіне лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Саунадағы балалар лагері

Шілде айының ортасында Алматы маңында ересек ер адамдармен саунада балалар лагері ұйымдастырылғаны анықталған болатын. Қоғамдық резонанстан кейін бас прокуратура Қазақстандағы барлық балалар лагерлерін тексеруге уәде берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Абай мен Әлихан кездесті ме?

16:47, 13 желтоқсан 2024 167