Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сатыбалды дымсыз қалды. Антикор Назарбаевтың немере інісінен алынған байлық пен мүліке тоқталды

16:58, 29 ақпан 2024 359

Сатыбалды барынан айырылып қалды. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты жаңа деректер туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды alash.kz.

Былтыр жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар болып шықты. Осылайша 1221 іс сотқа жіберілген.

2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,02 триллион теңге (2,2 млрд АҚШ долларынан астам) көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған.

"Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түсті.

Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтағы құны 13 миллиард теңгеден асады", - деді Антикор төрағасы.

Ал былтыр желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралар нәтижесінде Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 миллион АҚШ доллары, яғни 55,4 миллиард теңгеден асатын қаражат қайтарылды. Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу үшін республикалық бюджетке жіберілді.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейінгі 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 миллиард теңгеден аса сомаға активтер мен қаражатты қайтарды. Олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар да кіреді.

Аты шулы кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының ісі Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған еді. Ол кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталған болатын.

Сонымен қатар, Антикор төрағасы бүгін есеп беру барысында "ӨКМ" операторы" ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өткенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар