Түркістанда қанды қылмыс орын алды. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай өз парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар 19 жастағы жігітті 14 жерден пышақтап кеткен.
“2 топтағы мүгедектігі бар 19 жасар Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 жерінен пышақтап, іздерін суытқан. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген.
Қылмыс орын алмас бұрын, Мұрат есімді күдікті марқұмға 280 мыңдай займ алдырған. Ең сорақасы күдікті азаматтың әскери қызметкер екені белгілі болды.
Ардақты ағайын, қайғыдан қан жұтқан ана қоғамның араша сұрайды. Осы видеоны таратып, әділдіктің орнауына үлес қосуларыңызды сұраймын”,- деді журналист.