2024 жылғы ел чемпионы, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің қатысушысы “Қайрат” футбол клубының және Англиялық “Челси” клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жас жанкүйерімен кездесіп, ойын жейдесін тарту етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматы қаласына корольдік клуб “Реал Мадрид” келген күні желіде жанкүйерлердің қолдау видеолары сәт сайын жарияланып тұрды. Соның арасында елді тәнті еткен Түркістандық Ықыластың бейнежазбасы еді. Жеткіншек өзінің қара жейдесіне сары скотчпен жолақтар жабыстырып, артына “Сәтпаев” деп жазып алған. Бұл видео кеңінен таралып, клуб мүшелеріне де жеткен. Осылайша, Ықылас кумирімен кездесу үшін “Қайрат” футбол клубының жаттығу бзасына шақырту алды.