Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сарбаздарының амандығын ойласын!»: Иран билігі Трампқа зілді жауап берді

16:01, 02 қаңтар 2026

Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани АҚШ Президенті Дональд Трамптың Тегерандағы оқиғаларға қатысты ұстанымына байланысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұған дейін америкалық тарап Ирандағы шерулер күшпен басылған жағдайда арнайы көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеген болатын.

Әли Лариджани Израиль мен АҚШ ресми өкілдерінің әрекеттері бұл мәселенің астарында сыртқы мүдделердің бар екенін айқындап бергенін алға тартты. Ол өз мәлімдемесінде ішкі жағдай мен сыртқы араласудың аражігін нақты ажыратып көрсетті.

Осы мәселеге қатысты Әли Лариджани былай деп мәлімдеді: «Израиль шенеуніктері мен Трамптың ұстанған позицияларын ескерсек, бұл мәселенің астары айқын болды. Біз наразылыққа шыққан саудагерлердің талаптарын бүлдіргіш элементтердің әрекеттерінен бөлек қарастырамыз. Трамп мынаны білуі тиіс: бұл ішкі мәселеге Американың араласуы бүкіл аймақтағы бейберекетсіздікпен және Америка мүдделерінің күйреуімен тең. Америка халқы авантюризмді дәл осы Трамп бастағанын білуі қажет. Олар өз сарбаздарының амандығын ойлағаны жөн».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар