Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға тағы да көлік сыйланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Нұрбек Оралбайдың туған жері - Жамбыл облысы. Өңір әкімі Ербол Қарашөкеев жүлдегерге сыйлығын табыстады.
«Туған жеріміз Жамбыл облысына келдік. Ыстық ықыласпен күтіп алып, қолдап жатқандарыңызға рахмет. Үлкен белестер алда, мұнымен тоқтамаймыз. Келесі Олимпиада ойындарында Қазақ елін қуантамын деп ойлаймын», - дейді Нұрбек Оралбай.