Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова жаңа туған нәрестесін өзінің тегіне жаздырып, желіні шулатты. Facebook қолданушысы Ерлан Матаев бұл жақсы үрдіс емес екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.
”Бұл әлем қайда барады деген осындайда айтыла ма, ағайын?!
Қайда барып оңамыз мына түрімізбен?”, — деп жазды ол.
Ал тіл маманы Назгүл Қожабек керісінше блогердің бұл ісін қолдады.
”Негізі, қызық құбылыс. Бала екі адамнан тең жаралады, тек ол анасының құрсағында, анасының бойындағы бары мен нәрін алып жетіледі. Анасының омырауын еміп өседі. Ал тегіне келгенде, «ойбай, әкесінің атын беру керек» дейміз. Сонда, әйел — тек біреуге бала өсіріп беруші инкубатор ғана болғаны ма?
Осы жағын кейде ойлап қояйықшы. Әйел тоғыз ай көтеріп, тоғыз сағат толғатып баланы тапқанда — жақсы да, өз атына жаздырғанда — бәле бола қалады екен, а”, — деп жазды Назгүл Қожабек.
"Салтанатұлы" - Ақтаулық блогер жаңа туған ұлына өзінің тегін берді
20:03, 18 желтоқсан 2025
Фото: https://www.instagram.com/saltanat.a.e.pzds
Соңғы жаңалықтар
"Ойы ауып, жын кірген". Белгілі журналист Атыраудағы трагедияға қатысы тосын дерек айтты
20:13, 10 қаңтар 2026
Шымкенттегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты тың дерек жарияланды
19:33, 10 қаңтар 2026
Абай облысында пара алғаны үшін сотталған бұрынғы әкім «Құрметті азамат» атанды
15:24, 10 қаңтар 2026
Шұғыл хабар: Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметтен кетті
13:41, 10 қаңтар 2026