Алматыда саяси журналистика саласы бойынша журналист Рахат Мамырбек атындағы байқаудың қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталды деп жазады Alash.kz.
Биыл үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан байқауға 52 материал қатысқан. «Үздік мақала» номинациясында Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің үшінші курс студенті Мөлдір Қабыкеннің әскердегі әлімжеттік туралы «Өмір үшін күрес» мақаласы жеңімпаз атанса, «үздік видео» номинациясында батыс қазақстандық журналист Азамат Хамзаның тәуелсіз бақылаушылар туралы «20-1» деректі фильмі үздік деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйлық табысталды.
– Бұл марапат сөз еркіндігіне сенетіндердің еңбегін бағалау деп ойлаймын... Бұл байқау тек қана Рахат Мамырбекті еске алу емес қой. Бұл тәуелсіз журналистиканы, сөз еркіндігін қолдау жолдарының бірі ғой, – дейді Азамат Хамза.
Саяси журналистика байқауының қорытындысы жарияланды
13:34, 26 маусым 2025
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
"Бес адамның маймыл шешегін жұқтырған". Тағы бір індет тарап жатыр деген хабар шықты
09:21, 24 қазан 2026
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қартайғанда ақшасыз қалмаудың жолын айтты
17:00, 23 қазан 2026
Бұрын-соңды тіркелмеген қауіпті вирус: Еуропада белгісіз аурудан адам қайтыс болды
12:30, 23 қазан 2026
ТОП 20: 25 қазан – Республика күніне арналған мағыналы құттықтау-тілектер жинағы
11:31, 23 қазан 2026