Әлеуметтік желіде Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің атын көше беру бастамасы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Бота Дн атты азамат аталған бастаманы желіге жазған.
Алматының шетіндегі, баяғы переселендердің салған жапырайған ұсқынсыз үйлері орналасқан қисық, шолақ көшесінің біріне емес, орталықтағы көсіліп жатқан даңғылдардың біріне мысалы , ұзындығы 7000 метр Розыбакиев атындағы көшені Мұхтар Мағауин даңғылы деп ауыстыруға күш салып, нәтижесін шығарар. Розыбакиев деген ұлтқа қандай еңбегі сіңгені белгісіз біреу. ВК анықтамасында Жетісуда келмеске кеткен Совет өкіметін орнату жолындағы күреске қатысушы, Әскери революциялық комитеттің мүшесі деп жазылыпты, – дейді ол.