Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев халықаралық тыңшылық дауының ортасына түсті. Бұл оқиға Ұлыбритания соты Ресейдің пайдасына тыңшылық жасағаны үшін Болгарияның алты азаматын соттағаннан кейін белгілі болды, деп жазады Alash.KZ.
Олардың тапсырмаларының бірі – Қазақстаннан қашып кеткеннен кейін Лондонда тұрып жатқан Рысқалиевті көзін жою болған. Тергеу мәліметінше, ресейлік агенттер оның ізіне түсіп, қастандық ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл әрекет арқылы олар Қазақстан билігіне «қызмет көрсетіп», Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды көздеген.
Бергей Рысқалиев туралы не белгілі?
Ол 2006–2012 жылдар аралығында Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Мемлекеттік қаражатты жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша айыптар тағылып, халықаралық іздеу жарияланды. Ол 71 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Ресейлік агенттер Бергей Рысқалиевтің көзін жоймақ болды, тапсырыс беруші кім?
Жемқорлық ісі: ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады (ВИДЕО)
11:57, 25 қараша 2026
Ақтөбеде жол апатынан қаза тапқан дәрігердің артынан 21 жастағы ұлы өмірден өтті
17:05, 24 қараша 2026
«Қаза болған қарулас бауырларымның отбасылары… Құран бағыштадым» – Бекет Қуандық (ВИДЕО)
16:42, 24 қараша 2026
«Жоғарғы соттың деректер базасы тарап кеткен бе?»: ҰҚК тексерісті бастады (ВИДЕО)
16:29, 24 қараша 2026
Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
16:11, 24 қараша 2026
«Педагог-ассистенттерге 40% қосымша ақы қалай есептеледі?»: Министрлік жауап берді
15:16, 24 қараша 2026