Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей 2025 жылы Байқоңырдан әскери зымырандар ұшырмайды

10:52, 29 қараша 2024 310

Ресей 2025 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында әскери зымырандарды ұшырмайды және сынақтан өткізбейді, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Ресей Қазақстан үкіметіне "2025 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын" дипломатиялық арналар арқылы тапсырды. Аталмыш құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

“Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады”, – делінген хабарламада. 

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру "Ресейдің ғарыш қызметі" мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар аясында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, келісімшартқа сәйкес Ресей жыл сайын 30 қарашадан кешіктірмей Қазақстанға ғарыш аппараттарын ұшыру және ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоспарын беруге міндетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар