Актер Мұрат Бисенбин қатерлі ісікке шалдықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Актёр Саят Исембаев әріптесі, «Рэкетир» фильміндегі Мұрат Бисенбиннің қатерлі ісікке шалдыққанын және оған көмек қажет екенін хабарлады.
Мурат Бисенбин 51 жаста. Ол бірнеше фильмге түскен, бірақ оның басты рөлі – «Рэкетир» фильміндегі Русланның бейнесі.
Еске салайық, «Рэкетир» – Ақан Сатаев түсірген отандық фильм. 2007 жылы шыққан бұл фильм әлі күнге дейін көпшілікке танымал.
Бұл кинотуынды Қазақстанның коммерциялық тұрғыдан табысты алғашқы фильмі болды. Ол өзін ақтап қана қоймай, пайда да әкеліп, қазақстандық кинематографияны өзгерткен.