Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Рэкетир" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Мұрат Бисембин қайтыс болды

13:02, 08 қаңтар 2026

Қаралы хабар туралы оның қызы хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Актер онкологиялық аурумен күресіп, жуырда инсульт болған.
Желтоқсанның соңында актерді инсультпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Бұған дейін отбасы оның жағдайының тұрақсыз екенін, кенет нашарлап кеткенін айтқан. Соңғы бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпаған.



Әріптестері хабарлағандай, актер бір жылдан астам уақыт онкологиялық аурумен күрескен. 2024 жылдың күзінде диагноз белгілі болып, оған жобалардан бас тартып, түсірілімдерді тоқтатуға тура келген.

Ол 53 жасында өмірден озды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар