Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рамзан Қадыров Украина халқына үндеу жасады

11:50, 01 наурыз 2022 238

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Украинадағы шешен жауынгерлері түсірілген видеоны жариялап, үндеу жасады.

– Украина халқы, бүгінде сіздердің елде өз азаматтарының қамын ойлайтын, олардың өмірін жақсартуға тырысатын басшылық жоқ. Патриоттар, қорғаушылар жоқ. Тек қарақшылар, ұлтшылдар, террористер бар. Зеленский бүгін ғана емес, ұзақ уақыттан бері әлеммен байланысын жоғалтқан. Ол басқарып отырған жоқ, оны басқарып отыр, – деді үндеуде Қадыров.

Шешенстан басшысының айтуынша, екі ел арасындағы соғыстан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

– Зардап шеккендер туралы айтар болсақ, өкінішке қарай, Шешенстан Республикасы тұрғындары арасында қазірдің өзінде шығын бар. Екі адам қайтыс болды, тағы алтауы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Украина азаматтары Украинаның әскери күштері! Отанды сатқындар мен қарақшылардан бірге азат етейік!, – деді Қадыров.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар