Шымкент қаласында 36 жастағы мұғалім 7 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады Alash.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Оқиға 25 ақпанда мектепте болған.
«Менің 7 жасар қызыма ағайы тиіскен. Сағат 12:40 шамасында сабақтан келді. Өңі біртүрлі, көзіне жас толып тұр. Қызым, не болды деп сұрап едім, “ұят қой, мама” деп айтқысы келмей тұр. Содан жағдайды дұрыстап сұрай бастадым», - дейді мұғалімнен жәбір көрдім деген оқушының анасы.
«Ағай алдына отырғызып алды ...»
Жеткіншек ағайының біртүрлі адам екенін айтқан.
«Мама, менің төмен жағым ауырып тұр. Ағай партаның жанына келіп, басымды төмен жағына тақады. Аузыма қатты бір нәрсе тиді деді. Қызымды алдына отырғызып, сипалаған. Мүшесін тақап, киімінің сыртынан істеген. Қызым тұрайын десе, мұғалім жібермеген. «Жіберіңізші, ауырып кетті» деп айтса да қолынан қатты ұстап алып жібермеген», - дейді әйел.
Мұғалім неге жылады?
Мына сұмдықты естіген ана жалма-жан мектепке жүгіреді.
«Директорды, ағайды шақырыңыздаршы, камераны көтеріңіздер, осындай жағдай болыпты дедім. Ағайы келді де “жоқ-жоқ” деп күмілжіп, жылап жіберді. Неге жылап отырсыз, неге қызыма тиісесіз дедім. Ағайы сөйлей алмай жылап отыр», - дейді әйел.
«Директор бізді қуып шықты»
Оның айтуынша, директор камераны ашудан түбегейлі бас тартқан. Амалы құрыған оқушының анасы күйеуін шақырады.
«Директор күйеуімді ұрып, 5-6 ата-ана бізге шабуыл жасап, мектептен қуып шығып, есікті жауып алды. Біз 102 шақырып, полиция бөліміне бардық. Камераны көтердік, камерада барлық әрекеті түсіп қалған. Қызымның жанына келгені, басын мүшесіне тақап біртүрлі әрекет жасағаны, алдына отырғызып алғаны – бәрі түсіп қалған. Қызым қарсыласса, көтеріп алып қайта отырғызып алады. Бәрі видеода тұр», - дейді оқушының анасы.
Оқиғадан кейін не мектеп директоры, не тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші оқушының жағдайын сұрап хабарласпаған.
"Қызымды алдына отырғызып, сипалаған" - Шымкентте 36 жастағы мұғалім 7 жастағы қызға зорлық көрсеткен
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026
«Қандай жұмысқа тартылды?»: Перизат Қайраттың колониядағы өмірі туралы белгілі болды
10:48, 31 қазан 2026
"400-ге жуық мал ұрлаған" - Жамбыл облысында мал ұрлығына қатысты күдіктілер ұсталды
20:40, 30 қазан 2026