Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызыл қар жауған” - Тұрғындар көше бойындағы экологиялық құбылысқа шағымданды (ФОТО)

19:32, 31 желтоқсан 2025

Ресейдің Липецк облысына қарасты Чаплыгин қаласында Индустриалды көшесінің бойына қызыл түсті қар жауып, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Alash.kz Подъём Telegram арнасына сілтеме жасап.

Экологиялық оқиғаның себебі ретінде маңайда орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорнының заңсыз әрекеттері мен техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтамауы аталып отыр.

Тұрғындардың шағымына сәйкес, аталған кәсіпорын мен тұрғын үйлер арасындағы санитарлық-қорғау аймағына қойылатын талаптар өрескел бұзылған. Кемінде 1000 метрді құрауы тиіс арақашықтық сақталмағандықтан, өндірістік қалдықтар мен химиялық қоспалар тікелей елді мекен аумағына таралуда. Сонымен қатар, астық кептіру және өңдеу қондырғыларында арнайы сүзгілер мен шаң аулағыш жүйелердің орнатылмауы қоршаған ортаның ластануына басты себеп болып отыр.

Мамандар жауын-шашынның ерекше түске боялуын жүгері мен күнбағысты жинау алдында қолданылатын гербицидтердің ауаға таралуымен байланыстырады. Астық қауызында жинақталған химиялық заттар кептіру процесі кезінде атмосфераға бөлініп, кейіннен жерге шөгінді ретінде түскен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар