Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызметінен босатылған соң өз-өзіне қол салды”. Ресейдің бұрынғы көлік министрі өлі күйінде табылды

19:50, 07 шілде 2025 1144

Ресейдің бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт қызметінен босатылған соң өз көлігінде өлі күйінде табылды. Болжам бойынша шенеунік өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Бүгін Мәскеу облысындағы Одинцово қалалық округінде РФ-нің бұрынғы көлік министрі Роман Владимирович Старовойттың мәйіті жеке көлігінен табылды. Мәскеу облысы бойынша Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде, болған жағдайдың мән-жайы анықталуда. Негізгі нұсқа – өз-өзіне қол жұмсау”, – деп мәлімдеді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Бүгін 2025 жылғы 7 шілде күні Ресей президенті Владимир Путин Роман Старовойтты атқарып отырған қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Көлік министрінің міндетін уақытша атқарушы болып Андрей Никитин тағайындалды. Құжатта бұл шешімнің себептері көрсетілмеген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Старовойттың отставкасы “сенім жоғалтуға байланысты емес” екенін айтты.

Роман Старовойт Ресей Көлік министрлігін 2024 жылғы мамыр айынан бастап басқарған. Оған дейін, 2018 жылдың қазан айынан бастап Курск облысының губернаторы қызметін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар