Қырғызстанның «Чалдовар-Автожол» өткізу бекетінде салық, шекара, фитосанитарлық және көлік бақылау қызметінің 24 өкілі ұсталды, деп жазады Alash.KZ.
Олар ЕАЭО елдерінен тауарды жалған құжаттар арқылы заңсыз кіргізген.
Тергеу мәліметтері бойынша:
– Әр жүк көлігі үшін кәсіпкерлерден 1,5–2 мың доллар пара алынған;
– Ақша «МБанк» әмияны арқылы да, қолма-қол да жиналған;
– Күніне орта есеппен 80 мың сом заңсыз пайда тапқан.