Қырғызстан депутаттары парламенттің өзін-өзі тарату туралы қаулысын мақұлдады. Бұл бастаманы 89 депутаттың 84-і қолдап дауыс берді, қарсы шыққандар болған жоқ, деп жазады Alash.KZ.
Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Тургунбек уулы сөзінше, Қырғызстанда алғаш рет парламент өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдап отыр.
Ол бұған дейін 1994 және 2007 жылдары парламент президенттердің жарлығымен, ал 2010 жылы уақытша үкіметтің шешімімен таратылғанын еске салды.
Қырғызстандағы парламент сайлауы 2026 жылдың қарашасында, ал президент сайлауы 2027 жылдың қаңтарында өтуі тиіс.