Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан Жалал-Абад қаласын Манас қаласы деп ауыстырды

14:45, 11 қыркүйек 2025 103

Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда бірден мақұлдады. Бұл туралы мәлімет парламенттің ресми сайтында жарияланды, деп жазады Alash.KZ.

Түсіндірме жазбада атауды өзгертудің негізгі себебі – жергілікті тұрғындардың өтініші екені айтылған. Заң жобасын ұсынған депутаттар: «Жалал-Абад қаласына қырғыз халқының батыры, елді талай зұлматтан қорғаған ұлы Манастың есімін беру – ұлттық идеологияны күшейтудің жолы» деп атап өтті.

Kaktus.media дерегінше, депутат Акылбек Тумонбаев бұл бастамаға басқа өңір тұрғындарының көзқарасын сұрағанда, Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаев «пікірлер әртүрлі болғанымен, қолдағандар басым» деп жауап берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар