Екі ел бір мәмілеге келді. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр.
Қырғызстан Мемлекеттік Ұлттық қкаіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап шекарадағы атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды alash.press.
Сондай-ақ:
- Екі тарап та шекараға тартылған қосымша күштер мен құралдарды өз орындарына орналастырады:
- "Баткен-Исфана" тас жолы ашылып, көлік қозғалысы жанданады;
- Қақтығыстардың алдын алу мақсатында қос тараптың құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандарын бірлесіп күзетеді;
Шекарадағы қақтығыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр.