Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құны 6 миллиард теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылды

11:10, 13 маусым 2024 366

Соммасы 6 миллиард теңге астам мүлік мемлекетке қайтарылған. Бұл үрдіс әскери прокуратура талабымен жүзеге асқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

 

Жоғарғы соттың араласуымен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылды. Қазір қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылмақ: 

«Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған. Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады», - деп хабарлады прокуратура.

Azattyq-ruhy порталының мәліметінше, сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды.

Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар