Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құлсарыда қарулы топ адамдарды кепілге алып, ақша талап етіп жатыр". Полиция күдіктіні ұстады

09:57, 15 сәуір 2024 794

3 өңірде жалған ақпарат таратушылар ұсталды, деп хабарлады alash.kz сайты Polisia.kz ке сілтеп.

Маңғыстау облысының ПД жедел басқару орталығына су тасқыны аймағынан эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарын қонақ үйлердің бірінде қарулы адамдар кепілге алып, ақша талап етіп жатыр деген ақпарат түскен. Тексеріс барысында бұл ақпарат жалған болып шықты.

Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде Бейнеу кентінде жалған қоңырау шалғаны үшін 22 жастағы қыз ұсталды. Бұған дейін автобуста оның ұялы телефон ұрлағаны анықталды. Ол қолды болған гаджеттен қоңырау шалған.

Қазір күдіктіге бөтен мүлікті ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 15 сәуірде Ақтөбе қаласының полициясына ер адам ұялы телефоннан қоңырау шалып, Гришин көшесіндегі үйге бомба қойылғанын айтқан. Бұл факті де расталмады.

Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын да осындай қылмыс үшін сотталған Ақтөбе қаласының жұмыс істемейтін тұрғынын мас күйінде ұстады. Оның үстінен терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жалған терроризмнің үшінші дерегі Алматы қаласында тіркелді. Онда қаланың жеке компанияларының бірінің телефонына WhatsApp мессенджері арқылы ірі ақшалай сыйақы үшін сауда орталығынa бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Талдықорған қаласының 9 жасар тұрғынын анықтады. Оның интернет желісінде компанияның жарнамасын көріп, осы хабарламаны бұзақылық ниетпен жолдағаны анықталды.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы баланы тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (18 млн теңге) мөлшерінде айыппұл не болмаса 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ сот шешімі бойынша кінәлі адам жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар