Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық драма театрының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Елік Нұрсұлтанұлы желідегі парақшасында марқұм Асанәлі Әшімов туралы естелігін бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Бүгін Асанәлі ағамыздың 40 күндік асы өтті... 2022-ші жылғы күнделік, қолжазбасында: "Бүгін құлағыма 88 деп сыбырлады. Оған дейін әлі 4 жылым бар екен" деп жазыпты. Арқасы бар адам ғой, жарықтық… Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Әумин" – деп жазды Елік Нұрсұлтанұлы