Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Құжаттардың жарамдылық мерзімі қысқарады”: Трамп мигранттарға қатысты ережені күшейтті

10:52, 05 желтоқсан 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп мигранттарға қатысты ережені күшейтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.  

Report агенттігінің мәліметінше, құжаттардың жарамдылық мерзімі бұрынғыдай 5 жыл емес, 18 ай болмақ.

АҚШ Азаматтық және иммиграциялық қызметінің (USCIS) комиссары Джозеф Эдлоу бұл шешім өтініш берушілерге бақылауды күшейтетінін айтып түсіндірді. Ол шетелдіктер үшін АҚШ-та жұмыс істеу құқық емес, артықшылық екенін ескеруі керек деп мәлімдеді.

Эдлоу бұл шара 26 қарашада Вашингтонда болған оқиғаға жауап екенін айтты. Онда Ауғанстан тумасы Рахманулла Лаканвал Ақ үй маңында Ұлттық гвардия әскерилеріне оқ жаудырған болатын. Екі адам жараланып, бір күннен кейін 20 жастағы Сара Бекстром қайтыс болды. Қазір оның 24 жастағы әріптесінің жағдайы ауыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар