Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құдайға шүкір! Жарнамамен ешқашан ақша таппадым - СЫРЫМБЕК ТАУ

14:49, 19 ақпан 2025 635

Кәсіпкер Сырымбек Тау салықтан жалтарған жұлдыздардың ішінен өзінің есімін көріп, халыққа түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы ол өз парақшасында жазды.

Салық туралы жарияланған 31 адамның қатарына мені де енгізген екен. Менің қатысым бар компаниялар кемінде 10 миллиард теңгеден астам салық төлеген. Ал 114 миллион теңгеге жарнама жасап, салық төлемеді немесе блогер ретінде 114 миллион теңге табыс тапты деген ақпарат түсініксіз. Осы мәселеге қатысты есепшім барлық құжаттарды мұқият тексеріп, 2022-2023 жылдарға қатысты мән-жайды анықтайды. Естеріңізде болса, туған күнімде ешқандай сыйлық қабылдамай, “Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына көмектесейік” деген бастама көтердім. Сол кезде 77 миллион теңге жиналып, оның үстіне өз қаражатымнан қомақты үлес қосып, орталыққа бердік. Қазіргі күнге дейін сол орталықтың шығынын өз мойныма алып келемін. Бүгінде ай сайын 300-ден астам бала тегін емделеді. Егер банктік карталарға түскен қаражаттарды осылай салық есебіне енгізетін болса, онда әрбір Қазақстан азаматының картасы тексерілуі мүмкін. Бұл жағдай сіздің де басыңызға түсуі ғажап емес, сол себепті кіріс-шығысыңызды есептеп жүргеніңіз абзал. Мен жарнама арқылы ақша тапқан емеспін! Құдайға шүкір, өз кәсібім бар, табысым өзіме жеткілікті азаматпын”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар