Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: 13 жасар Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен халықаралық турнирде күміс жүлде алды

09:57, 27 қазан 2026

Италияның Линьяно қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қазақстандық жас спортшы Жания Бекмұхамбетова ел қоржынына жүлде салды, деп хабарлайды Alash.kz.

U13 жас санатында сынға түскен отандасымыз турнир барысында керемет ойын өрнегін көрсетіп, екінші орынды иеленді.

Жания Бекмұхамбетова жарыс жолында қарсыластарының бәрін 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ол алдымен алаң иелері — италиялық Виктория Тамини мен Майя Павелді, румыниялық Диана Бурлакуны, сондай-ақ аустралиялық Алисса Йенг пен испаниялық Кармен Гоместі айқын басымдықпен жеңді.

Шешуші финалдық кездесуде қазақстандық теннисші жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, халықаралық бәсекенің күміс медалін қанжығасына байлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар