Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда ер адам қызының көзінше өз-өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Қостанайда ер адам қызының көзінше өз-өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Түнде Қостанай қаласындағы аулалардың бірінде ер адам көлік ішінде өзін бензинмен құйып, өртеп жіберді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бейнежазбада оның жүксалғыштан канистраны алып, ішіндегісін өзіне құйып, от қойғаны көрінеді.

Бұл оқиға қыздың көз алдында болған.

Одан кейін ер адам жанып тұрған күйінде көліктен жүгіріп шығып, жерге дейін жетіп, куәгерлердің көмегімен отты өшірген.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 2
Жарнама
Соңғы жаңалықтар