Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қоғамға пайда әкелетін жоба: Halyk Bank қостанайлық кәсіпкерге балалар клубын ашуға көмектесті

13:26, 22 қараша 2024 734

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл жыл басында Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асты. Балалар саны көбеюіне байланысты мектеп жасына дейінгі балалар үшін бос уақытты ұйымдастыру және сапалы білім беру мәселесі туындады. Әсіресе, өңірлерде бұл сұрақ өзекті болып қала бермек, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қостанайлық жас кәсіпкер Наталья Аман қазіргі уақытта осы мәселемен айналысып жатыр. Ол 2015 жылдың сәуір айында The Family Nest — «Отбасылық ұя» балалар білім беру клубтары желісін іске қосты. Бұл клуб 1-7 жас аралығындағы балаларды оқытып, мектепке дейінгі дайындықты жүргізеді, сонымен қатар, балалардың жалпы дамуымен айналысады.

«Жұмыстағы біздің басты мақсатымыз — балаларды тәуелсіз болуға үйрету, жан-жақты ойлауды дамыту және олардың білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, тәрбиелеу. Әр бала осы әлем туралы көбірек білуге тырысады, бірақ түрлі жағдайларға байланысты олардың қызығушылығын дамытуға мүмкіндік жоқ. «The Family Nest» клубында мұның барлығы күнделікті шындыққа айналады! Біз мектеп жасына дейінгі балаларға заманауи, өзгермелі әлемге дайын болу үшін қауіпсіз білім беру кеңістігін жасаймыз. Бұл біздің миссиямыз», — деді Наталья.

Осы жылдың басында 150-ден аса бала қатысқан екі балалар клубы ашылды. Білім беру бағдарламасы үш деңгейден тұрады: Kiddies, Juniors және Preschool. Оқу соңында балалар қазақ және ағылшын тілдерінің негіздерін түсінеді, 20-ға дейін есептейді, логикалық және математикалық есептерді шешеді, танымдық дағдыларды үйренеді, ойлауды, есте сақтауды және сөйлеуді дамытады.

Дәл осы жоба Қостанайда сәтті болғаны соншалық, Натальяға тағы бір клуб ашуға тура келді. Осы ретте жас кәсіпкер Halyk банкінің «Үміт» бағдарламасы мен «Даму» қорынан жеңілдікті қаржыландыруға өтінім беріп, білім беру мақсаттары үшін жаңа қарыз алады.

«Жеңілдікті қаржыландыруға өтінімдерді қарастырған сайын біз, ең алдымен, қоғамға пайда әкелетін жобаларға назар аударамыз. Кәсіпкер Наталья Аманға балалардың ата-аналары сенеді, ең бастысы, оның бизнесі білім беруге бағытталған. Бұл болашақта жас қостанайлықтарға біздің қоғамның сауатты және экономикалық белсенді бөлігі болуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл жобаны қолдауға дайынбыз», — деді Halyk Bank Қостанай облыстық филиалының директоры Дәулет Топин.

Наталья жеңілдетілген қаржыландыруды 2024 жылдың маусымында алған болатын. Қыркүйекте 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға арналған жаңа балалар клубы ашылды.

Айта кетейік, бұл Halyk банктің «Үміт» бағдарламасы бойынша демеушілік жасаған алғашқы жобасы емес. 2024 жылғы сәуірде Halyk «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен әйелдер кәсіпкерлігін кредиттеудің осы бағдарламасын іске асыруға 5,5 миллиард теңгеге келісімге қол қойды. Қараша айының басында «Үміт» бағдарламасы аясында 1,6 миллиард теңге сомасына 31 бизнес-жоба қаржыландырылды, оның ішінде 12 клиент – моно және шағын қалалардың өкілдері — 558 миллион теңге сомасына жеңілдікті қарыздар алды. «Үміт» әйелдер кәсіпкерлігін кредиттеу бағдарламасының шарттары бойынша қосымша ақпаратты еліміздің барлық өңірлеріндегі шағын бизнесті кредиттеу орталықтарынан немесе Halyk сайтынан білуге болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар